16 ақпанда киров ауылдық кітапханасында халықаралық кітап сыйлау күніне арналған акция өтті. Бұл мереке жыл сайын ақпан айында аталып өтеді және барлық кітапсүйер қауымды, сондай-ақ кітапты өзгелермен бөлісуге дайын жандарды біріктіреді. Акция аясында ауыл тұрғындары игі іске белсене қатысып, кітапханаға балалар мен ересектерге арналған көркем және танымдық әдебиеттерді сыйға тартты. Оқырмандардың жанашырлығының арқасында кітапхана қоры жаңа, қызықты басылымдармен толықты, олар жақын уақытта өз оқырмандарын табады. Киров ауылдық кітапханасының кітапханашысы акцияға қатысқан барлық азаматтарға жомарттықтары, белсенділіктері және кітапқа деген сүйіспеншіліктері үшін шынайы алғысын білдіреді.
