2026 жылғы 26 наурызда Жаңақима модельді ауылдық кітапханасында «Кітаппен жарқын болашаққа» атты Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығының ашылуы өтті. Қатысушыларға Балалар кітабы апталығының өткізілу тарихы туралы мәлімет ұсынылды.
Іс-шара барысында балалар қызықты әрі танымдық кітаптармен, сондай-ақ кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттермен танысты.
Оқырмандар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда әркім өзіне ұнаған кітапты тандап алу мүмкіндігіне ие болды.