"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

23 сәуір 2026 жылы Қима ауылдық кітапханасында оқырмандар тобы үшін «Ұлттық әдебиеттің қазыналары» атты әдеби қонақжай өткізілді. Кездесу барысында қатысушылар авторлардың өмірі мен шығармашылық жолы туралы қызықты деректермен танысып, олардың белгілі шығармалары жөнінде мәлімет алды. Оқырмандар үшін «Әдеби эрудиция» атты танымдық ойын және «Сиқырлы қалта» атты қызықты ойын ұйымдастырылды: кітапханашы тапсырмаларды оқып, қатысушылар сол арқылы қалта ішінде қандай зат немесе кітап бар екенін болжады. Іс-шараның жарқын сәттерінің бірі – қазақстандық авторлардың шығармаларымен олардың кітаптарынан алынған қысқа үзінділер арқылы танысу болды. Катысты: 8 адам.

Мемлекеттік бағдарламалар