Перекатное ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандармен "Оқыдым- саған беремін" атты кітап эстафетасын өткізді.
Кітаптарға шолу жасалып, «Кітап оқу - рухани байлық» атты бұрыш ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, бір-біріне кітап таңдауға кеңес берді.
Оқырмандар арасында кітапқа деген қызығушылық артып, бір-біріне үлгі бола білді. Қатысушылар "Мен оқыдым-енді сен оқы" эстафетасын басқа оқырмандарға жолдады.
