13 сәуір күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап күніне орай Киров ауылдық кітапханасында жасөспірімдер тобының оқырмандары үшін «Кітап — ұлттың рухани мұрасы» атты әдеби сағат өткізілді. Іс-шара барысында түрлі жанрдағы әдебиеттерге шолу жасалды. Өткізілген іс-шара оқырмандардың дүниетанымын кеңейтіп, жастардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
