Киев ауылдық кітапханасында «Кітап әлеміне саяхат» атты танымдық-ойын-сауық экскурсиясы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар кітапханаға жаңадан түскен әдебиеттермен танысып, кітап оқуға ұсыныстар алды және өз қызығушылықтарына сай кітаптар таңдады. Балалар қуана кітап оқып, бір-бірімен қарым-қатынас жасап, жаңа әдебиеттерді іздеумен уақыттарын қызықты өткізді. Мұндай кездесулер жас оқырмандарға тек жаңа кітаптар табуға емес, сонымен қатар ортақ қызығушылықтары бар достар табуға мүмкіндік береді.
