20 сәуір күні Киров ауылдық кітапханасында кіші топ оқырмандарына арналған «Кітап – халықтың алтын қазынасы» атты зияткерлік ойын өтті.
Іс-шара барысында жас қатысушылар кітаптың қызықты әлеміне еніп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. Балалар сұрақтарға жауап беріп, түрлі байқауларға қатысып, әдебиетке байланысты шығармашылық тапсырмаларды орындады.
Ойын достық әрі көңілді атмосферада өтіп, балаларға жағымды эмоциялар мен жаңа білім сыйлады.
