2025 жылғы 8 желтоқсанда Қима ауылдық кітапханасында «Гарри Поттермен Библиотүн» атты қызықты іс-шара өтті. Бұл кеш қатысушыларды Хогвартстің сиқырлы әлеміне жетеледі. Кітапханада тақырыптық аймақтар безендіріліп, фильмдерден алынған атрибуттар, сиқыр мен достық туралы кітап көрмесі ұсынылды. Гермиона келген қонақтарға болашақты болжау сыйлады, ал қатысушыларды сиқырлы тапсырмалар мен естелік сыйлықтар күтіп тұрды. Іс-шара көңілді, жылы атмосферада өтіп, оқуға және қиял әлеміне деген қызығушылықты арттырды.
