01 сәуірде Запорожье ауылдық модельді кітапханасында «BookTime» атты оқырмандар флешмобы өтті. Іс-шараға әртүрлі жастағы балалар қатысып, бірге қызықты оқу атмосферасын жасады.
Флешмоб барысында балалар өз сүйікті кітаптарын оқып, әсерлерімен бөлісті және кейіпкерлер мен оқиғаларды талқылады. Іс-шара оқуға деген қызығушылықты дамытуға, балалардың бастамасын қолдауға және әдебиетке деген жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталды. Флешмоб достық және белсенді атмосферада өтті.
