2 сәуір күні Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Новокиенка орта мектебінде кіші сынып оқушылары үшін Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Біз нағыз доспыз: кітапхана, кітап және мен» атты әдеби саяхат өткізді.
Іс-шара барысында балалар кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады: балалар жазушыларының қызықты шығармаларымен танысып, викторина сұрақтарына жауап берді.
Балалар кітапты ұқыпты пайдалану ережелерімен және кітап оқудың адам өміріндегі маңызы туралы мол мағлұмат алды.
Бұл шара балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, ой-өрісін кеңейтуге және кітапхананы білім мен жаңа жаңалықтардың қайнар көзі ретінде тануға ықпал етті.
