26 наурыз 2026 жылы Кима ауылдық кітапханасында «Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы — оқу мен жаңалықтар әлемі» атты апталықтың ашылуы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға Балалар кітабы апталығының пайда болу тарихы мен оның маңызы туралы айтып берді. Оқырмандар «Кейіпкерді таны» атты әдеби викторинаға қатысып, жұмбақтар шешті, сүйікті өлеңдері мен шығармалардан үзінділерді дауыстап оқыды. Катысту: 11 адам.
