Киев ауылдық кітапханасының кітапханашысы кіші жастағы оқырмандарға арналған «Ашық кітап» акциясы аясында 10 минуттық дауыстап оқу іс-шарасын өткізді.
Балалар қызығушылықпен жарқын, танымдық әңгімелер мен ертегілерді тыңдап, естігендерін талқылап, әсерлерімен бөлісті. Балаларға кішкентай кезінен бастап кітап оқуға деген сүйіспеншілікті дарыту, зейінділік пен қиялды дамыту, сөздік қорын байыту өте маңызды. Оқу жылы әрі жайлы атмосферада, кітаптардағы түрлі-түсті суреттермен сүйемелденіп өтті.
