"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

Ортаңғы топ балалары үшін Киев ауылдық кітапханасы бойынша «Кітаптар тұратын үй» атты қызықты экскурсия өткізілді. Кітапханашы қонақтарды құшақ жая қарсы алып, ғажайып кітап әлемімен таныстырды. Ол кітапхананың нағыз кітап үйі екенін, мұнда әрбір кітаптың өз орны барын,ал оқырмандар ең қадірлі қонақтар екенін айтты.

Экскурсия барысында балалар кітаптарды қалай дұрыс ұстау керектігін, олардың сөрелерде қалай орналасатынын, «абонемент» және «оқу залы» нені білдіретінін білді. 


«Ашық кіітап» жобасы

 Балалар кітапханасы Аудандық мәдениет үйімен бірлесіп,жас көрермендерге "Жоғалған ертегілер кітабы"атты қызықты театрландырылған қойылым өткізді.   Спектакльдің негізгі сюжеті жоғалған Ертегілер кітабының айналасында өрбиді, онсыз ертегі кейіпкерлеріне қауіп төнеді. Балалар кейіпкерлерге кітаптың қажетті беттерін табуға және ертегілер әлемін зұлымдардан құтқаруға көмектесіп, белсенді түрде әрекет етті.Актерлер әр түрлі кейіпкерлердің бейнелерін керемет бейнеледі: Ханшайым, Орман перісі, Түлкі, Жалмауыз кемпір, Өлмес Кощей және басқа да ертегі кейіпкерлері көрермендердің күлкісі мен қошеметіне бөленді. Түрлі-түсті костюмдер мен жарқын музыка сиқыр мен таңданыс атмосферасын жасады.

 

Мемлекеттік бағдарламалар