2026 жылдың 22 сәуір күні Перекатное ауылдық кітапханасында Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына «Ахмет Жұбанов – музыка әлемінің дара тұлғасы» атты әдеби кеш өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, оның қазақ музыка өнерінің дамуына қосқан зор үлесі таныстырылды. Сонымен қатар, композитордың еңбектері, зерттеулері және ұлттық өнерді дамыту жолындағы қызметі кеңінен насихатталды.
Кеш барысында оқырмандар тақырыпқа байланысты пікір алмасып, сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Іс-шара мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтіп, қатысушыларға рухани әсер сыйлады.
#ұлттықкітапкүні
