Киев ауылдық кітапханасының кітапханашысы ортаңғы топ оқырмандарына «100 кітап» жобасы аясында іс - шара өткізді.
Кездесу барысында балалар Қазақстан және әлем әдебиетінің ең үздік туындылары ұсынылған кітап көрмесімен танысты.
Кітапханашы адамның өміріндегі кітаптың маңыздылығы туралы айтып, тізімге енген қызықты шығармаларға қысқаша шолу жасады.
Іс - шара танымдық және жылы атмосферада өтіп, жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятты.
