02 ақпанда Новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Ашық кітап» жобасын іске асыру мақсатында Новокиенка орта мектебінде кіші оқырмандар тобы үшін «Кітап ашсам - әлем ашамын» атты әдеби сағат өткізді. Шара барысында балалар адам өмірін кітапсыз елестету мүмкін емес екені туралы әңгімелеп, балалар әдебиетінің үздік шығармаларымен танысты, оқыған кітаптары жөнінде пікір алмасты және сұрақтарға белсенді жауап берді. Іс-шара оқуға деген қызығушылықты арттырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етті.
