2026 жылдың 17 ақпанында жаңақима ауылдық модельді кітапханасы қазақстандық авторлардың шығармаларын оқуды насихаттау және танымал етуді көздейтін «бір ел – бір кітап» акциясын бастады. Акция аясында қабдеш жұмаділовтің «тағдыр» шығармасының тұсауы кесілді. Кітапханашы алдымен жалпыұлттық акцияның тарихы мен маңызына тоқталды. Одан кейін қатысушыларға қазақстандық жазушы қабдеш жұмаділовтің өмірі мен шығармашылық жолы туралы мәліметтер ұсынылды. Шара барысында «жұмаділов: тарихи романның шебері» жеке көрмесі мен жазушының «тағдыр» атты басты шығармасы ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар назарына шығарманың басты тақырыбы – адам тағдыры, тарихи жады, ұлттық құндылықтар ұсынылды. Жиналғандар іс-шараға үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысып, естіген шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісті.
{gallery}aryomfly/8{/gallery}