19 мамыр күні Запорожье ауылдық модельдік кітапханасында «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Тағдыр тарихы» атты BOOK-ART шарасы өткізілді. Шара барысында кіші және орта топ оқырмандарымен Қабдеш Жұмаділов шығармашылығы және оның «Тағдыр» романы туралы әңгіме жүргізілді. Қатысушылар туындының сюжеттік желісімен танысып, кейіпкерлер тағдырын және тарихи жадтың маңызын талқылады.
