9 ақпанда Киров ауылдық кітапханасында оқырмандардың аға буынына көрнекті қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының салтанатты ашылуы өтті. Акция аясында «Тағдыр – тағылымды тарих шежіресі» атты әдеби-танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды жазушының өмірбаяны мен әдеби мұрасымен таныстырып, оның шығармаларында бейнеленген адам тағдыры мен маңызды тарихи оқиғалар туралы әңгімеледі. Оқырмандарға жазушы шығармашылығына арналған тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды.
