26 наурыз күні Запорожье ауылдық модельдік кітапханасында республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Тағдыр: халық тағдыры» атты тарихи-әдеби кеш өткізілді.
Іс-шара қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығына арналды. Кеш барысында қатысушылар жазушының өмірі мен әдеби мұрасымен танысып, оның шығармаларының қазақ әдебиетіндегі маңызы туралы мәлімет алды. Сондай-ақ жазушы туындыларында халық тағдыры, тарихи оқиғалар мен ұлттық болмыс қалай бейнеленетіні туралы айтылды. Кеш барысында шығармадан үзінділер оқылып, кітаптың негізгі тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар әдебиеттің тарихи жадыны сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі туралы әңгіме жүргізілді.
Іс-шара жылы әрі мазмұнды атмосферада өтіп, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және қазақ әдебиетін насихаттауға ықпал етті.
