"Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында 29 қазанда Тарасов ауылдық кітапханасында "Тәкен Әлімқұлов — қазақ прозасының дара тұлғасы"атты библиографиялық кеш өтті.
Іс — шара оқырмандарға қазақ прозасының жарқын өкілдерінің бірі Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кітапханашы жазушының өмір жолы туралы, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы айтып, оның әдеби стилінің ерекшеліктерін — терең психологиялық, философиялық толықтығы мен ұлттық дәстүрлерге берілгендігін атап өтті.
Кеш қатысушылары оның "Шер", "Сейтек сазы", "Көк қаршыға" сияқты атақты шығармаларымен танысып, үзінділер оқып, олардың мазмұнын талқылады.
Сондай — ақ "Сөз зергері-Тәкен Әлімқұлов" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, автордың кітаптары мен ол туралы материалдар ұсынылды.
Іс-шара жылы, танымдық атмосферада өтті және қатысушылардың жазушының шығармаларына деген қызығушылығын тудырды.