3 ақпан 2026 жылы Қима ауылдық кітапханасында оқырмандарға арналған «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының ашылуы «Оқуға уақыт: бүкіл ел - бір кітаппен» ұранымен өтті. Кітапханашы қатысушыларды акцияның тарихы мен мақсаттарымен таныстырып, жобаның қоғамның мәдени дамуы үшін маңызын атап өтті. Кездесу барысында оқырмандар биылғы жылға Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы таңдалғанын біліп, шығарманың өзектілігі, тақырыбы мен негізгі идеялары туралы пікір алмасты. Оқырмандар үшін автордың шығармалары, өмірбаянына қатысты материалдар және шығармашылық жолынан қызықты деректер ұсынылған тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
