20 мамырда Киев ауылдық кітапханасында жас оқырмандар үшін көрнекті қазақ жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қабдеш Жұмаділовке арналған әдебиет сағаты өткізілді. Кездесудің басты тақырыбы оның қазақ халқының күрделі тарихи кезеңдері мен тағдырын баяндайтын әйгілі «Тағдыр» тарихи романын талқылау болды.
