16 ақпан күні новокиенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы аудандық «жақсы жаршысы» газетінің 2026 жылғы 16 ақпандағы №8 нөмірінде «бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында кең оқырман қауымға арналған «халық тағдыры — бір кітапта» атты мақаласын жариялады.
Мақала қазақстанның халық жазушысы қабдеш жұмаділов пен оның «тағдыр» романына арналды.
Мақалада жазушының өмір жолы, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі кеңінен баяндалды. «тағдыр» романында қазақ халқының тарихи кезеңдері, ел тағдыры, ұлттық болмыс пен адамгершілік құндылықтар терең әрі әсерлі суреттелетіні атап өтілді.
Жарияланған материал ұлттық әдебиетті насихаттауға, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және мәдени мұраны сақтауға бағытталған.
