2025 жылдың 20 қазанында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы «Екі үн – бір жүрек» атты әдеби-тақырыптық сағатын өткізді. Шара 2025 жылдың таңдаулы авторлары – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналып, биылғы жылы шығармалары көпшіліктің оқу нысанына айналды.
Шара екі көрнекті қаламгердің өмірбаяны мен шығармашылық жолын таныстырудан басталды. Оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, жауаптар алды. Іс-шараның тақырыбы мазмұнды әрі тартымды болды, бұл оқырмандарға осы ұлы жазушылардың шығармаларын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.