Терісаққан ауылдық кітапханасында 2026 жылдың 12- ақпан күнінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының ашылу салтанаты өткізілді. Шара барысында жыл кітабы болып таңдалған шығарма таныстырылып, автордың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалды. Кітаптан үзінділер оқылып, мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы пікірлер айтылды. Оқырмандар арасында әдеби талқылау ұйымдастырылып, өз ой-пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік берілді. Шара мазмұнды өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
