"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

20.08.2025 жылы Беловод  ауылдық кітапханасында  «Бір ел - бір кітап» акциясын насихаттау аясында «Көсемсөздің көрнекті өкілі - Тәкен Әлімқұлов», «Сырлы сөздің сәулеткері - Жұмекен» атты әдеби - лото  өткізілді.

Іс-шара барысында, ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, өлеңдерінің шығу-тарихымен таныстырылып, балалар ақындардың жыр-шумақтарын мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар лото-ойынымен жалғастырып  әр қатысушыға авторлады таңдап,таңдаған автор бойынша кітапханашы сұрақ карточкасын ұсынды. Кітапханашы  мәтіннен үзінді немесе сұрақ оқиды, қатысушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін ұяшықты жабады.  Толық ұяшықты жапқан қатысушы жеңімпаз атанады. Қатысушылар өз ойымен бөлісіп, қандай мәліметтерді алғаш рет естігенін айтты. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Оқушылар әдебиетті ойын арқылы қызығушылықпен қабылдап, жазушылар жайлы жаңа мағлұматтар алды. Іс-шара білім мен танымды ұштастыра отырып, тартымды өтті.

Мемлекеттік бағдарламалар