26 тамызда Тарасовка ауылдық кітапханасында ересек топ оқырмандарына арналған «Сыбайлас жемқорлық — жағымсыз құқықтық және әлеуметтік құбылыс» атты акция өткізілді. Шара оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға, жауапкершілік пен жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеуге, сондай-ақ оның қоғамға тигізетін теріс әсерін түсіндіруге бағытталды.
