21 қаңтар күні Перекатное ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша "Сыбайлас жемқорлық туралы" заң сабағын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы сыбайлас жемқорлықтың мәні мен түрлеріне тоқталып, оның қоғам дамуына тигізетін кері әсерін түсіндірді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі баптары таныстырылды.
Оқырмандар арасында пікір алмасу жүргізіліп, сұрақ-жауап бөлімі өткізілді.
