2026 жылдың 29 қыркүйегінде Балалар кітапханасының қызметкерлері оқырмандардың орта тобына "Сыбайлас жемқорлық-қоғамдық қауіпті құбылыс" атты сұрақ-жауап сағатын өткізді. Кездесу барысында кітапханашылар қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың не екенін, оның қоғам мен мемлекетке қандай зиян келтіретінін, сондай-ақ адал болу және заңдарды сақтау неліктен маңызды екенін қолжетімді түрде айтып берді.
