25 мамыр күні Запорожье ауылдық модельді кітапханасында «STOP жемқорлық!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренинг өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымын, оның қоғамға тигізетін кері әсерін және адалдық пен әділдік қағидаттарының маңыздылығын талқылады. Тренинг құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға бағытталды.