Жақсы аудандық орталық кітапханасында «Үміт» клубының мүшелеріне арналған «Менің отбасымдағы құндылықтар» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және «Заң және тәртіп» қағидатын түсіндіруге арналды.
Қатысушылар өзара сыйластықтың, үлкенді құрметтеудің, отбасылық тәрбиенің, бірлік пен кітапты бірге оқудың маңыздылығын талқылап, отбасылық дәстүрлері мен құндылықтарымен бөлісті.
Іс-шара соңында қатысушылар кітап көрмесімен танысып, естелік суретке түсті.