5 тамызда Киев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Абай күніне орай «Уақыттан озған даналық» атты дауыстап оқу шарасын өткізді. Кездесу барысында әртүрлі жастағы кітапхана оқырмандары Ұлы ойшылдың философиясымен танысып, оның әйгілі «Қара сөздерінің» терең мағынасына бойлады.