19 тамызда Жақсы балалар кітапханасының кітапханашысы «Дән» балабақшасында кіші топ тәрбиеленушілеріне белгілі балалар ақыны Агния Бартоның 120 жылдығына орай «Агния Барто күні» атты дауыстап оқу шарасын өткізді. Шара барысында кітапханашы балаларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Бүлдіршіндерге Агния Бартоның өлеңдеріндегі кейіпкерлердің суреттерін бояу ұсынылды. Тәрбиеші ақынның балаларға арналған шығармаларын дауыстап оқып, балаларды көңілді әрі тәрбиелік мәні бар өлеңдермен таныстырды.