Жастар күнін мерекелеу аясында кітапханашы «Жастар импульсі» атты серпінді көше визит-промоушын өткізді. Кітапханашы ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, жастық шақтың қуат пен шабыт кезеңі ретіндегі маңыздылығын еске салды, сондай-ақ кітапханаға бос уақытты өткізу мен дамуға арналған заманауи әрі ашық кеңістік ретінде назар аудартты.
