Жақсы аудандық кітапханада Отбасы күніне арналған «Үміт» клубының кезекті отырысы өтті.
Кездесу жылы әрі жүрекке жақын, ерекше әсерлі атмосферада ұйымдастырылды. Клуб мүшелері отбасы құндылықтары, өзара түсіністік пен сыйластық туралы ой бөлісіп, әр адамның өміріндегі отбасының ерекше орны жайында әңгімелесті.
Қызықты сұхбаттар, жүрекке жылы естеліктер мен ізгі тілектер кездесуді шынайы да әсерлі, көңілді әрі есте қаларлықтай етті.
«Отбасы – бізді жақсы көретін, түсінетін және әрдайым күтетін ең ыстық мекен!»