Жақсы аудандық қызметкерлері Алпамыс» кафесінде «Үміт» қызығушылық клубының 20 жылдық мерейтойына арналған «Үміт – 20 жыл» атты мерекелік кеш өтті.
Қатысушылар фото-презентацияны тамашалап, клубтың алғашқы төрайымдары мен арамызда жоқ мүшелерін еске алып, бір минут үнсіздікпен тағзым етті.
Кеш барысында құттықтаулар айтылып, ақ тілектер арналды. Қызықты ойындар мен көңілді конкурстар ұйымдастырылып, ән шырқалып, би биленді. Қатысушылар мерекелік дастарқан басында естеліктерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл күйде бас қосты.
Мереке өткен жолды еске алып, клубтың дамуына үлес қосқан барша жанға алғыс білдіруге және жылдар бойы қалыптасқан достық, өзара сыйластық пен ізгі дәстүрлердің адамдарды біріктіретінін тағы бір мәрте сезінуге тамаша мүмкіндік болды.
