2026 жылғы 11 қыркүйекте Отбасы күніне орай Жаңақима модельді ауылдық кітапханасы «Қауіпсіз үй» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, ақпараттық пост өткізді.
Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау және оқырмандардың бойында отбасы – адам өзін сүйікті, қорғалған әрі бақытты сезінетін мекен екендігі туралы түсінік қалыптастыру.
Кітап көрмесіне отбасылық тәрбие, салт-дәстүрлер және үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыптарына арналған әдебиеттер қойылды.