Қазақстан Республикасы күніне орай Белагаш ауылдық кітапханасы «Қазақстанның гүлденуі – ауылдан басталады» аудандық марафонына қатысты.Кітапханашы «Ұлы дала елі – Қазақстан» атты еліміздің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін және жетістіктерін таныстыратын тақырыптық көрме ұйымдастырды.Көрмеге келушілердің ерекше назарын Қазақстанның мәдени мұрасының символы ретінде ұсынылған ұлттық ит тұқымы – тазы, «Белагаш» ЖШС-нің өнімдері, сондай-ақ әртүрлі салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, туған жері мен Қазақстан Республикасының абыройын асқақтатып жүрген жерлестеріміз туралы материалдар аударды.
