21 тамызда Жақсы орталық аудандық кітапханада «HandMood» клубының алғашқы отырысы өтті. Клуб жетекшісі Аяулым қатысушыларды тігін тігудің негізгі тәсілдерімен таныстырып, үлгі және матамен жұмыс істеуге көмектесті. Қатысушылар өз қолдарымен косметика салатын шағын сөмке шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын көрсетті. Кездесу жылы әрі шығармашылық атмосферада өтіп, барлығына көтеріңкі көңіл-күй мен шабыт сыйлады.