14 тамызда Жақсы аудандық орталық кітапханасы жанынан «Hand Mood» жаңа қызығушылық клубы ашылды.
Клуб шығармашылық пен қолөнерге қызығушылық танытатын барша қауымға арналған. Қатысушылар жаңа техникалармен танысып, шеберлік сабағына қатысты, өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық идеяларын өз қолдарымен жүзеге асырды.
Клуб жетекшісі Аяулым өз білімі мен шеберлігін бөлісіп, алғашқы шеберлік сабағын өткізді.