16 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік Нан күні қарсаңында Киев ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Диқанға шын жүректен алғыс» атты алғыс айту акциясын өткізді.
Акция барысында балалар қағаздан жасалған бидай масақтарына нан өсірумен айналысатын еңбек адамдарына арнап ізгі тілектері мен алғыс сөздерін жазды. Жас қатысушылар диқандарға зор денсаулық, бейбіт аспан, мол өнім және бақ-береке тіледі.
