12 қазанда Киров ауылдық кітапханасында орта топ оқырмандарына арналған «Бірлік пен бейбітшілік жолы» атты толеранттылық сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар толеранттылық ұғымымен танысып, мейірімділік, өзара сыйластық пен достықтың маңызын талқылады. Сонымен қатар түрлі байқаулар мен ойындарға қатысып, «Толеранттылық ағашы» атты шығармашылық тапсырманы орындады.
