Қазақтың көрнекті кинорежиссері Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Жақсы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары №2 Жақсы орта мектебінің жоғары және орта сынып оқушыларына арналған «Абдолла Қарсақбаев – қазақ киносының классигі» атты әдеби кино галереясын өткізді.
Іс-шара барысында оқырмандар режиссердің өмірі мен шығармашылығымен, қазақ киносына қосқан үлесімен танысты. Шара соңында оның фильмдерінен үзінділер көрсетілді.
