6 қарашада 28 панфиловшы-батырлар ерлігінің 85 жылдығына орай, аудандық орталық кітапхана кітапханашысы Жақсы №2 ЖББМектебінің кітапханашысымен бірлесе, өскелең ұрпақтың бойында тарихи жадыны сақтау мен патриоттық тәрбиені қалыптастыруға бағытталған «Батырлар ерлігіне тағзым» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысының оқиғаларын еске түсіріп, Мәскеуді қорғаушылардың көрсеткен ерен ерлігі туралы білді. Сондай-ақ тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Оқушылар өз баяндамаларында қазақстандық батырлар — Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов пен Мәлік Ғабдуллиннің ерліктеріне ерекше тоқталып өтті.
Шара соңында қатысушылар Отан қорғаушылардың рухына тағзым етіп, оларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Бұл ақпараттық сағат жастарды патриотизмге, елдің тарихи өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеуге және Ұлы Отан соғысы батырларының есімін мәңгілікке ұлықтауға өз үлесін қосты.