Жаңалықтар
Белагаш ауылдық кітапханасында «Арман қанатында — жұлдыздарға!» атты портрет-кеш өткізіліп, ол Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына арналды.
Белагаш ауылдық кітапханасында «Қайым Мұхамедханов — Абай мұрасын сақтаушы» атты әдеби-шығармашылық кеш өткізілді.
26 қаңтар күні Киров ауылдық кітапханасында жастар тобына «Әлібек Асқар – халық рухын жырлаған жазушы» атты портрет-кеші өтті. Іс-шара қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық жадысын және тағдырын терең бейнелейтін белгілі қазақстандық жазушы Әлібек Асқардың өмірі мен шығармашылығына арналды.
28 қаңтар күні Чапаев ауылдық кітапханасында көрнекті қазақ күйшіcі Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Дина Нұрпейісова — дала күйшіcі» атты өнер сағаты өтті.
2026 жылдың 27 қаңтарында Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы «Қима елінің ақындары» жобасы аясында «Поэзия – жүректен туған, жанды тербеткен лүпіл» атты әдеби калейдоскоп өткізді.
Біздің Қима өңірі дарынды ақындарымен танымал. Бұл адамдар өздерінің шағын Отанын дәріптейді. Олар өз заманының, елінің қуанышы мен уайымымен өмір сүрді, өмір сүріп жатыр.