30 қыркүйекте Ешім ауылдық кітапханасы "Оқитын ұлт "акциясы аясында балаларға арналған "Кітап - жүрекке жол" атты библио - кездесу өткізді. Балалар қызықты кітаптармен танысты, сүйікті шығармалары мен кейіпкерлері туралы әңгімелесті. Кездесу қызықты әрі танымды өтіп, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
